Атырау, 16 сәуір 20:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті

102 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Шымкент әуежайында FlyArystan ұшағы итті қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 сәуір Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін ұшақ ұшу-қону жолағында итті қағып кеткен.

Әуе компаниясының ресми мәліметінше, әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданған. Қажетті қосалқы бөлшектер Алматыдан жеткізілмек.

Көлік полициясы бұл фактіні тіркеп, Шымкент станциясындағы басқармада тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бүгін, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.