
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық деңгейге жеткенімен, отандық жүргізушілер әкімшілік кедергілерге тап болып отыр, деп хабарлайды Centralmedia24.
Сенатор Сүйіндік Алдашев бұл мәселелерді шешу үшін «Хоргос» аумағында Қазақстан консульдігін ашуды ұсынды. Оның айтуынша, консульдік азаматтардың құқықтарын жедел қорғауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ол екі ел көліктеріне тең талап енгізуді, қазақстандық жүргізушілерге жүкпен де, жүксіз де еркін кіру құқығын беруді және Қытайдың «жүксіз шығуға болмайды» талабын алып тастауды қажет деп санайды.
Сенатор «Хоргос» орталығын ресми өткізу пункттерінің тізіміне енгізу арқылы арнайы экономикалық аймақтар арасында тікелей теміржол және автожол қатынасын іске қосу қажеттігін де атап өтті.
Соңғы үш жылда бұл бағыттағы автокөлік тасымалы 2,5 есе өскендіктен, шекарадағы «тар жерлерді» жою стратегиялық міндетке айналды.
В Атырау -10