Атырау, 16 сәуір 11:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Екібастұзда ішіп алған бір топ адам дәрігер мен медбикені соққыға жықты

Бейнежазба
72 рет қаралды
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Екібастұз қалалық ауруханасының травматологиялық пунктінде мас күйінде болған бір топ адам медицина қызметкерлеріне шабуыл жасады. Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккен дәрігер мен медбике түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға 12 сәуірде таңертең орын алған. Смартфон арқылы түсірілген кадрлар мен куәгерлердің айтуынша, қабылдау бөліміне медициналық көмек алуға келген ер адамның жанында екі досы болды. Топ мүшелерінің барлығы алкогольдік масаң күйде болған.

Жанжал дәрігердің келушілерге әдепсіз мінез-құлықтары үшін ескерту жасағаннан басталған.

«Науқастың қасына еріп келген азаматтар ескертуге агрессивті түрде жауап қайтарған. Бөлмеден шығудан бас тартып, жас жігіттер дәрігерге соққы бере бастады. Әріптесін арашалап, қорғамақ болған медбике де дене жарақаттарын алды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен ақ халаттылар дәл осы аурухананың стационарына жатқызылды.

Шабуыл жасағандардың үшеуі де ізін суытпай ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды:

  • Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.

  • Үшінші қатысушы арнайы палатада полицияның тәулік бойы күзетінде жатыр.

Айта кететін жайт, ұсталғандарды өте қатаң жаза күтіп тұр. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер күшіне енді. Енді тиісті бап бойынша кінәлілер 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Бүгін, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.