
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеріс барысында заң бұзушылықтарды анықтады.
Министрліктің мәліметінше, «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған авиакомпанияларға әкімшілік шара қолданылып, әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Бұл шешім саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау мақсатында қабылданғаны атап өтілді.
В Атырау -10