
Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, «Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы – Қорғас» басқарушы компаниясының қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру нәтижесінде екі жыл бойы жалпы сомасы 70 млрд теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырған 19 инвесторға су жеткізу тарифтерін есептеу кезінде қосылған құн салығы заңсыз енгізілгені белгілі болды. Салық кодексіне сәйкес, арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет ҚҚС-тан босатылуы тиіс еді.
Бұл әрекет инвесторларға негізсіз шығын келтіріп, бизнес үшін жасанды кедергілер туғызған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар толық жойылды. Инвесторларға заңсыз өндірілген 1 млн теңге қайтарылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
В Атырау -10