Атырау, 21 сәуір 13:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

263 рет қаралды

Оның ойынға тәуелділігі болғаны анықталды.

Тергеу барысында прокурорлар сотталғандардың жазасын жеңілдету туралы оң шешім шығару және мекеме ішіне ұялы телефондарды заңсыз кіргізу үшін лауазымды тұлғаға ақша берілгенін анықтады.

Қызметкер алған қаражатты букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған.

2026 жылғы 1 сәуірде сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру, сондай-ақ әділет капитаны арнайы атағынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

15 сәуір, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.