Атырау, 15 сәуір 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27

«Дәстүрді» сақтап, қамауға алынды: Жаңаөзеннің бес тұрғыны қыз алып қашқаны үшін сотталды

80 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Жаңаөзенде неке құру мақсатында қызды ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған бес жігітке қатысты сот үкімі шықты. Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысына нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Lada.kz.

Резонансты оқиға өткен жылдың 16 желтоқсанында болған. Тергеу анықтағандай, бес жігіт алдын ала сөз байласып, күш қолдану арқылы жас қызды ұрлап кеткен.

Жаңаөзен қалалық соты барлық сотталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары («Күш қолдану арқылы некеге тұруға мәжбүрлеу») бойынша кінәлі деп тапты.

«Сотталушылардың әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, аталған баптың санкциясы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Қылмыстың бір топ адаммен жасалуы және күш қолданумен ұласуы жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.

«Қыз алып қашумен» күрес

Қазақстанда қалыңдық ұрлау үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары мен соттар мұндай істерде тараптардың татуласу тәжірибесінен бас тартып, нақты мерзімдерге жаза кесуде.

Бұл аймақтағы алғашқы жағдай емес. 2026 жылғы 2 ақпанда Мұнайлы ауданында екі ер адам дәл осындай қыз алып қашу әрекеті үшін түрмеге кесілген болатын.

Бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексіне 125-1-бап енгізіліп, некеге тұру мақсатында адам ұрлау «халықтық салт-дәстүрге» сілтеме жасау арқылы жеңілдік берілмейтін қылмыс санатына бөлінген еді.

Бүгін, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.