Атырау, 14 сәуір 20:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24

Маңғыстаудағы табиғи ескерткіш аймағы дрифт алаңына айналды

110 рет қаралды
Видеодан жасалған скриншот
Видеодан жасалған скриншот

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысындағы «Қамалдар алқабында» автокөліктердің дрифт жасап жүрген видеосын жариялады.

Жазба авторының айтуынша, мұндай әрекеттер аймақтың бірегей ландшафты мен экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіреді.

«Бұл жер қоқыс пен вандализм орнына айналып барады. Демалушылардың ойланбай жасаған іс-әрекеттерінің кесірінен бірегей мекен тіршіліксіз шөлге айналып жатыр. Ал осы таулардың етегінде Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Соғды қызғалдақтары өседі», — деп жазды блогер.

«Қамалдар алқабы» — Маңғыстау облысындағы ең танымал туристік нысандардың бірі. Бұл жер өзінің ерекше жартасты пішіндерімен және көрікті пейзаждарымен туристерді баурап келеді.

Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қолданушылар жаппай наразылық білдірді. Желі қолданушылары табиғатқа мұндай әрекет жасауға жол берілмейтінін айтып, кінәлілердің жауапкершілігін қатаңдатуды талап етіп жатыр.

Кейбір азаматтар табиғи аймақтарға автокөлікпен кіргені үшін қомақты айыппұл салуды ұсынса, енді бірі мұндай заң бұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айыру керек деп санайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Каспий теңізінің акваториясына Jeep жол талғамайтын көлігімен кіріп, жағалау сызығын бүлдіргені үшін өзбекстандық блогерге 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынған болатын.


Бүгін, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.