Атырау, 14 сәуір 20:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24

Ұлттық ұлан жыл басынан бері 3,3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстады

96 рет қаралды

Ұлттық ұлан 2026 жылдың басынан бері атқарған қызметтерінің есебін берді.  

Ведомство мәліметі бойынша осы уақыт ішінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 3357 құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Олардың 71-і қылмыс белгілері бар тұлғалар.

Ұлттық ұлан хабарлағандай, үш ай ішінде ұландықтар патрульдік қызмет бойынша 839 жауынгерлік тапсырманы орындап, республика бойынша 99 қоғамдық-саяси және бұқаралық іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Қызмет барысында заңсыз айналымнан 28 бірлік суық және атыс қаруы тәркіленіп, есірткі заттарын тәркілеу бойынша 10 дерек тіркелді.

Сонымен қатар Ұлттық ұлан бөлімшелері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету және сотталғандарды айдауылдау міндеттерін орындайды. Қазіргі таңда 39 ҚАЖ мекемесі мен бір өндірістік нысан күзетте. Айдауылдау 35 бағыт бойынша жүзеге асырылып, түрлі деңгейдегі сот отырыстарының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Жыл басынан бері тыйым салынған заттарды өткізудің 61 әрекетінің жолы кесілді. Нәтижесінде 29 ұялы телефон, 10 SIM-карта, сондай-ақ жалпы салмағы 101,28 грамм есірткі заттары тәркіленді.

Сонымен қатар үш ай ішінде 60 жоспарлы теміржол, 143 автожол, 378 қарсы алу, 672 сот және 6 ерекше айдауыл ұйымдастырылды. Айдауылдау барысында шамамен 19 мың сотталған және қамаудағы адам тасымалданды.

Айта кету керек, Ұлттық ұланның жеке құрамы полициямен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Күн сайын бұл міндетке 8 мыңнан астам ұландық жұмылдырылады.

Еске сала кетейік, Яна Легкодимованы өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Алтынбек Кәтімов пен Ризуан Хайржанов әлі де Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Олар қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының арнайы қарауылын күтіп отыр.

Бүгін, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.