Атырау, 7 мамыр 15:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы жаңа елшісі тағайындалды

350 рет қаралды
Әсет Исенали және Марғұлан Баймахан
Әсет Исенали және Марғұлан Баймахан

Мемлекет басшысы Қазақстанның дипломатиялық корпусындағы бірнеше жаңа тағайындаулар туралы Жарлыққа қол қойды.

Әсет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол қазіргі уақытта Қазақстанның Тайланд Корольдігіндегі Елшісі және БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) жанындағы Тұрақты өкілі қызметтерін атқарады.

Президент Жарлығымен Нұрғали Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

13 сәуір, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.