Атырау, 13 сәуір 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Алматыда жүк пойызының үстіне шығып алған жасөспірімдер видеоға түсіп қалды

Бейнежазба
108 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Қазақстандық желі қолданушылары жүк пойызының вагондарының үстіне мініп алған жасөспірімдердің видеосын талқылап жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан бірнеше кәмелетке толмаған балалардың қозғалып кле жатқан жүк вагондарының сыртында, үстінде отырғанын көруге болады.

Бұл бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырды. Видеомен бірге жарияланған жазбада кейбір ересектердің бұл әрекеттен ешқандай қауіп көрмей, «біз де бала кезімізде солай істегенбіз» деген мазмұнда пікір қалдырғаны айтылады. Алайда, бұл — өмірге өте қауіпті әрекет.


Көліктегі полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жұмыстары басталып кеткенін хабарлады. Материал Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты күні, орны мен мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімдердің тұлғасы анықталып жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес тиісті баға беріледі.

Бүгін, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.