Атырау, 13 сәуір 12:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Судьяның отставкасы: Конституциялық Сот заңдылықты растады

89 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты отставканы ресімдеу тәртібін заңсыз деп санаған судьяның өтінішін қарады. Тексеру қорытындысы бойынша заң нормалары Конституцияға сәйкес келеді деп танылды.

Өтініш жолдауға судьяның зейнеткерлік жасқа толуына байланысты отставкаға шығу туралы арыз беруі негіз болған. Алайда аталған арыз бұрын рәсімделген отставкаға сілтеме жасай отырып, сондай-ақ өзге негіздер бойынша өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін оны қайта қалпына келтіру тәртібін түсіндірумен кері қайтарылған.

Өтініш иесінің пікірінше, қолданыстағы құқықтық реттеу оның жағдайының ерекшеліктерін ескермейді және отставкаға қайта шығу мәселелерінде құқықтық айқынсыздық туғызады.

Конституциялық соттың шешімі

Конституциялық Сот дауланып отырған норма судьяның отставкаға шығу құқығын іске асырудың жалпы тәртібін белгілейтінін және судья өкілеттіктерін тоқтату мен тоқтата тұруды реттейтін заңнаманың өзге де нормаларымен өзара байланыста қолданылатынын атап өтті. 

«Конституциялық Сот өтініш уәждері нақты жағдайда норманы қолдану тәртібін түсіндіруге бағытталғанын және онда құқықтық айқынсыздықтың немесе конституциялық қағидаттарға қайшылықтың бар екенін дәлелдейтін негіздер қамтылмағанын көрсетті», - делінген соттың хабарламасында.  

Осылайша, Конституциялық Сот қолданыстағы отставкаға шығу тәртібінің ашық екенін және оның Қазақстанның сот жүйесіндегі судьялардың ерекше мәртебесімен тікелей байланысты екенін растады. Қазіргі ережелерден елдің Негізгі Заңына қайшы келетін ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бүгін, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.