Атырау, 13 сәуір 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Магнитудасы 4,6-ға дейін: Каспий теңізінде жерасты дүмпулері жалғасуда

85 рет қаралды

Каспий теңізінің акваториясында бір тәулік ішінде үш жер сілкінісі тіркелді. Ықтимал қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түскен жоқ деп хабарлайды Lada.kz.

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері 12 сәуірде тіркелген. Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша 00:47, 22:46 және 02:45-те су айдынында үш жер асты дүмпуін тіркеді. Олардың екеуінің магнитудасы 3,2 баллды, үшіншісінікі 4,6 баллды құрады. Ошақтары тиісінше 18, 32 және 74 шақырым тереңдікте орналасты.

Ықтимал қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуір күні таңертең Каспий теңізінің акваториясында магнитудасы 3,3 балл жер сілкінісі тіркелді.


Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.