
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бірпалаталы Құрылтайдың сайлауы қашан өтетінін хабарлады.
Ақордада ғалымдарды марапаттайға арналған салтанатты жиында сөзө сөйлеген мемлекет басшысы Құрылтайдың сайлауы биыл тамыз айында өтетінін хабарлады. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі тиісті құжатқа президент қол қояды.
"Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек.
Президенттің айтуынша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі.
Бұл ретте Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашатынын атап өтті ол.
Оның айтуынша, Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай «қайта құруға» жол ашады.
Бұл ретте, президент атап өткендей, бұл реформалар саяси және экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс.
Сонымсен қатар, мемлекет басшысы жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын дәріптеудің маңызына тоқталды.
«Құқықтық нигилизмге жол жоқ. Біздің таңдауымыз – заңға бағынатын парасатты қоғам», - деді ол.
Президент атап өткендей, ынтымақ-бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың іргесін шайқап, әлеуметтік және ұлтаралық алауыздықты қоздырғысы келетіндердің әрекетіне заң жүзінде қатаң тосқауыл қойылады. Конституцияда жазылғандай, елімізде заң мен тәртіп үстемдік құруы керек.
Ғалымдарымыз үнсіз қалмай, қоғамда, әсіресе, жастар арасында жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын дәріптеуі қажет екенін айтты ол.
В Атырау -10