Атырау, 10 сәуір 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

Оралда кәсіпкердің құқығы қорғалды

84 рет қаралды

Орал қаласының прокуратурасы сот актілеріне талдау жүргізу барысында заң бұзушылықты анықтады. 

Бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот жеке кәсіпкерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзды деп танып, 629 120 теңге айыппұл салған болатын.

Алайда тексеру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бір факт бойынша екі түрлі шешім қабылдағаны белгілі болды: бірі – бұзушылық жоқ деген, екіншісі – әкімшілік жаза қолдану туралы.

Прокуратура апелляциялық өтінішхат енгізіп, облыстық сот кәсіпкерге қатысты сот актісін бұзып, істі тоқтатты. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласқаны үшін басқарманың жауапты лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасы бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Бүгін, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.