Атырау, 22 наурыз 01:30
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Мәскеуде өзбек азаматы өлтірілді

1 867 просмотра
Кеше ғана халықтың наразылық шаралары өткен Мәскеудің Бирюлево ауданында тағы да кісі өлімі орын алды. Бұл жолы белгісіз біреулер Өзбекстан азаматын азаптап өлтірген. 

"Интерфакс" агенттігі хабарлағандай, марқұмның денесі теміржолға жақын жердегі көшелердің бірінен табылған. Тәртіп сақшылары тексере келе, оның өзбек азаматы екендігін анықтады.
Айта кетейік, соңғы бір апта көлемінде Шығыс Бирюлево ауданынан тыныштық кетті. 25 жасар орыс жігітін Әзірбайжан азаматы өлтіргеннен кейін, жергілікті тұрғындар "көтеріліске" шығып, келімсектерге қарсы акция өткізді. Өзбекстандықтың өліміне осы жайт та себеп болуы мүмкін.

Дереккөз: Baq.kz

16 қазан 2013, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.