
Астана қаласы Байқоңыр ауданында алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Декреттік демалыста жүрген әйел әріптестерін бір жыл бойы алдап келген. Ол анасының қайтыс болғаны мен баласының ауыр хәлде екендігі жөнінде жалған ақпарат таратып, олардың жанашырлығын пайдаланып ақша алған.
Әріптестері отбасылық қиындықтарды шешуге және баланы емдеуге көмектесеміз деп сеніп, қаражат аударған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам шығын келтірілген.
Сот оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін және шығынды ішінара өтегенін ескеріп, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Әйел пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура азаматтарға материалдық көмек сұрау жағдайында сақ болуға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге кеңес берді.
В Атырау -10