
Алматы облысында әйел адамға жасалған қатыгез шабуыл дерегі тергеліп жатыр.
Оқиға 3 наурыз күні күндіз Суықсай ауылында орын алған, деп хабарлайды Криминальный Казахстан.
Тергеу мәліметі бойынша, мас күйде болған 49 жастағы ер адам ауылдық амбулатория меңгерушісіне оның өз үйінің ауласында шабуыл жасаған.
Мән-жайды анықтау барысында белгілі болғандай, шабуылшы алдымен әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел адам оған ескерту жасаған кезде, ер адам күректі алып, оған тап берген. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жәбірленушінің денесіне, соның ішінде басына бірнеше соққы жасаған. Айта кетерлігі, бұл қақтығыстың зардап шегушінің кәсіби қызметіне ешқандай қатысы жоқ.
Балалардың айғайын естіп, жүгіріп келген жергілікті тұрғындар ғана шабуылшыны тоқтата алған.
Соққы салдарынан әйел ауыр жарақат алды. Оның қолдары сынып, денесі көгерген. Дәрігерлер зардап шегушінің саусақтары мен басына тігіс салды. Қазіргі уақытта ол ауруханада емін жалғастырып жатыр.
Полиция қызметкерлері денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
В Атырау -10