Атырау, 10 сәуір 11:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15

«Дикий Арманның» әйелі ажырасқандарын мәлімдеді

73 рет қаралды

Мұсылман сәнінің дизайнері Айкөл Аликжанова жұбайы — «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиевпен ажырасқанын хабарлады. Бұл туралы Kaktus.media жазды.

Әлікжанова бұл жаңалықты Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, олар ресми некеде болған және ортақ бір қыздары бар. Дизайнердің айтуынша, жақында олар заңды түрде ажырасқан, ал бұл шешімнің бастамашысы жұбайы болған.

Әлікжанова ажырасқанына қарамастан, араларында ешқандай өшпенділік жоқ екенін атап өтті, өйткені олар алдағы уақытта баланы бірге тәрбиелемек. Оның сөзінше, бұл кезең оған оңай тимеген, бірақ ол түрлі қауесеттер мен алыпқашпа әңгімелерді болдырмау үшін жағдайды өзі түсіндіруді жөн көрген.

Айкөл Аликжанова қырғызстандық актриса және модель ретінде көпшілікке танымал. Ол «Қырғызстан аруы – 2014» және «Мисс Интернет KG – 2012» байқауларының жеңімпазы. 2016 жылы хиджаб киіп, кейіннен мұсылман сәнін жобалаумен айналыса бастады.

Аликжанова мен Жұмагелдиевтің некеде екені 2022 жылдың қаңтарында, ол Алматыда ұсталғаннан кейін белгілі болған еді.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 27 қаңтарда сот Арман Жұмагелдиевті ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оны басқару, бандитизм, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Бүгін, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.