Атырау, 25 мамыр 17:50
 дождьВ Атырау +31.9
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60

Көлік салығын төлемегендерге қатаң шаралар қолданылуы мүмкін

299 рет қаралды

2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталды. Егер төлем жасалмаса, 2 сәуірден бастап берешек сомасына күн сайын өсімпұл қосылады.

Қолданылатын шаралар:

  • Алдымен мемлекеттік кірістер органдары қарыз туралы хабарлама жібереді. Оны өтеуге 30 жұмыс күні беріледі.
  • Егер осы мерзімде төленбесе, салық бұйрығы шығарылып, іс сот орындаушыларына беріледі.
  • Мәжбүрлі өндіріп алу шаралары:
    • банк есепшоттарын және мүлікті бұғаттау,
    • автокөлікті қайта рәсімдеуге тыйым салу,
    • елден шығуға шектеу қою.

Мамандардың айтуынша, қарыз ұзақ уақыт өтелмесе, қосымша шығындар артып, сот орындаушыларының қызмет ақысы да есептеледі.

9 сәуір, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.