
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының қатысуымен Маңғыстауда ағза донорлығын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.
Мұндай кездесулер бұған дейін Алматы, Шымкент және Ақтөбеде ұйымдастырылып, қазір бүкіл ел бойынша жалғасуда.
Негізгі деректер:
- Қазіргі таңда 4,6 мыңнан астам қазақстандық ағза трансплантаттауын күтуде.
- Қажеттілік жыл сайын артып келеді: 2023 жылы — 3 961 пациент, 2025 жылы — 4 506 пациент.
- Әлеуетті донорларды анықтау көрсеткіші өсуде: 2023 жылы — 49 жағдай, 2025 жылы — 186 жағдай.
- Донорлық үдерістер саны: 2023 жылы — 7, 2024 жылы — 6, 2025 жылы — 19 қайтыс болған донордан трансплантаттау мүмкіндігі болды.
Сонымен қатар ерікті келісім білдірушілер саны 2023 жылғы 38 мыңнан 2025 жылы 145 мыңнан астамға дейін артқанымен, бас тартулар үлесі әлі де жоғары болып отыр. Бұл тікелей сақталған өмірлер санына әсер етеді.
Орталық директоры Айдар Ситқазиновтың айтуынша, елде трансплантаттауды үйлестіру жүйесі қалыптасқан, бірақ қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту қоғамның сенімі мен ақпараттану деңгейіне байланысты.
Көшпелі кеңестер өткізу, мамандарды оқыту және донорлық стационарлардың жұмысын жолға қою өңірлердегі жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді. Бұл трансплантаттауды күтіп отырған пациенттердің арасындағы өлімді азайтуға бағытталған.
В Атырау -10