
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі әрі азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы.
2021 жылдан бастап 2026 жылдың I тоқсанына дейін сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 835 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Осы кезеңде 34 қала мен 756 ауылдық елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылған сумен жабдықтау қызметіне қол жеткізді. Бұдан бөлек, 699 ауылда су тазартудың заманауи блок-модульдік станциялары орнатылды.
Сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау, су алу құрылыстарын жаңғырту, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңарту бойынша ауқымды жобалар іске асырылды.
Саланы жүйелі дамыту мақсатында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы қабылданды.
Құжат инфрақұрылымды кешенді жаңғыртуды, цифрлық шешімдерді енгізуді және энергия тиімділігін арттыруды көздейді. 2030 жылға қарай коммуналдық желілердің тозуын 40%-ға дейін төмендету жоспарлануда.
Цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылуда. Су есептеу құралдары, автоматтандырылған басқару жүйелері (SCADA, АСКУВ) және Smart Water элементтері енгізілуде. Бұл су шығындарын азайтып, есептің ашықтығын арттыруға және жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қабылданып жатқан шаралар кешені елдің әрбір тұрғынын сапалы әрі сенімді сумен қамтамасыз етуге бағытталған.
В Атырау -10