
Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуыинфаркттан болатын өлім 3,2%-ға, инсульттан болатын өлім – 25%-ға төмендеді мүмкіндік берді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елде инсульт орталықтарымен (85) және коронарография бөлімшелерімен (82) толық қамту қамтамасыз етілген. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды.
Бұл инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.
Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.
Денсаулық сақтау министрлігі еске салғандай, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.
Ведомство мамандарының пайымдауы бойынша, оң динамика ауруды ерте анықтау жүйесінің дамуына, мамандандырылған көмектің қолжетімділігіне және алдын алу (профилактикалық) жұмыстарының күшейтілуіне тікелей байланысты.
В Атырау -10