
Елорда прокуратурасы қалалық емханада бюджет қаражатын жымқыру схемасын әшкерелегенін жариялады.
Тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Прокуратура мәліметі бойынша, қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.
Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған.
Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты.
Аталған дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Прокуратура нақтылағандай, қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттерін елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр.
В Атырау -10