
Ұзынкөл ауданында жер заңнамасын бұзған пайдаланушыларға қатысты шаралар қабылданды.
Прокуратура жүргізген қадағалау барысында ұзақ уақыт бойы жерді мақсатына сай пайдаланбаған фактілер анықталды.
Нәтижесінде кадастрлық құны 50,8 млн теңге болатын 1183 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл учаскелер ауданның арнайы жер қорына енгізіліп, заңға сәйкес азаматтарға шаруа қожалықтарын жүргізу үшін қайта бөлінетін болады.
Қостанай облысының прокуратурасы жерді тиімді пайдалану және заң талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.
В Атырау -10