Атырау, 8 сәуір 11:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

Қазақстанның жиектастары мен төсеніш тастары Ресейде үлкен сұранысқа ие

73 рет қаралды

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстан сыртқы нарықтарға төсеніш тастар мен жиектастар (бордюр) жеткізу көлемін айтарлықтай арттырды. Отандық өнімнің негізгі сатып алушысы Ресей болды, деп хабарлайды LS. 

2025 жылдың қорытындысы бойынша төсеніш тастар мен жиектастар экспорты 40,6 пайызға өсіп, 56 мың тоннадан асты. Ақшалай түрде отандық өндірушілер бұдан 10,7 миллион доллар табыс тапты.

Отандық жиектастар қайда сатылып жатыр?

Негізгі өткізу нарығы — Ресей, бұл елге бүкіл экспорт көлемінің басым бөлігі (54,6 мың тонна) жөнелтілген. Алайда ең қарқынды өсімді Қырғызстан көрсетті: бұл бағыттағы жеткізілімдер 4,3 есеге артты.

Сонымен қатар, өңделген табиғи тас (гранит, мәрмәр) экспорты 12 пайызға төмендеді. Ресей мен Грузияға жеткізілім азайғанымен, Тәжікстан, Литва және Польша тарапынан қазақстандық тасқа деген қызығушылық бірнеше есе өскен.

Шетелден не сатып аламыз?

Өзіндік қуатты өндіріске қарамастан, Қазақстан көрші елдерден тас пен жиектас сатып алуды жалғастырып келеді:

  • Тас импорты: 162,6 мың тоннаға дейін өсті. Жеткізушілер арасында көш бастап тұрғандар — Өзбекстан (70,7 мың тонна) және Қытай (49 мың тонна). Сондай-ақ тас Ираннан, Грекиядан, тіпті Швейцариядан да әкелінеді.

  • Жиектас импорты: 1,7 есеге артты. Бұл салада Өзбекстан жеткізілімді екі есеге, ал Қырғызстан таңқаларлық 33 есеге арттырып отыр.

Айта кетерлігі, қазақстандық кәсіпорындар ішкі нарықтың қажеттілігін дерлік толық өтеп отыр. Бүгінгі таңда жиектас пен төсеніш тастардың отандық өндірісі ел ішіндегі сұраныстың 95,6 пайызын жабады.

Бүгін, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.