Атырау, 8 сәуір 11:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.37
€ 531.87
₽ 5.82

Атырауда спортты дамыту дирекциясы құрылды

66 рет қаралды

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы жанынан «Спортты дамыту дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Аталған мекеме Азия ойындарының бағдарламасына енген, жоғары жетістіктегі олимпиадалық емес спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер құрамасын жасақтап дайындаумен айналысатын болады. Дирекция құрамында спорттың 15 түрі бойынша 1000-нан астам спортшы жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жүйелі түрде дайындықтан өтеді.

Мекеменің директоры лауазымына Юсупов Данияр Сайлыбайұлы тағайындалды.

Данияр Сайлыбайұлы 1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Кикбоксинг спорт түрінен Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы.

Еңбек жолын 2008 жылы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы ретінде бастап, 2012 жылы Атырау облысының кикбоксинг бойынша аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді.

Бүгін, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.