Атырау, 27 желтоқсан 02:27
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Құлсары әкімдігіндегі кадрлық өзгерістер

3 825 просмотра

Осыдан бір ай бұрын Жылыой ауданы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер орын алып, аудан әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды.

Жылыой ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарларының бірі Ізбасар ЕЛТЕЗЕРОВ жұмыс орнын өз еркімен босатса, әкім орынбасарының міндетін бір жылға жуық уақытша атқарған Райымбек СҮЛЕЙМЕНОВ жұмыстан өз еркімен кететінін алдын ала мәлімдеген болатын. Сүлейменов келмей тұрып бұл орынның айлап бос тұрған кездері болды. Аудан әкімі Мақсым ІЗБАСОВ бұл орынбасарын қолынан іс келетін мықты маман деп бағалайтын. Онымен қоштасу өзіне оңай соқпаған болуы керек.  

Бүгінде ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан және 45 млн долларға (бұл да жетпей, қосымша қаржы сұратып жатқан)бағаланған Құлсары қаласындағы жаңа су құбыры құрылысы биліктің басын қатырған мәселеге айналды. Бұдан үш жыл бұрын басталған, қыруар қаржы тұратын су құбырын тарту жұмыстарының қашан бітетіні, немен аяқталатыны белгісіз. Бұл - бір. Екіншіден, әкім орынбасарларының аудандағы аяқталған құрылыс жұмыстарына жауапты болып, қабылдау актісіне қол қоятыны түсінікті. Алайда, соңғы кездері пайдаланылуға тапсырылған нысандарға қатысты жиі ши шығып, арты бітпес дау-дамайға созылатын болды. 

13 қыркүйекте Сүлейменовтің орнына әкім орынбасары болып Бауыржан ТҰХФАТОВ тағайындалды. 46жасар Бауыр-жан Зайденұлы атыраулықтарға жақсы таныс. Ол «Атырау-Энерго» ММ-де инженер, басшының орынбасары, 1999-2006 жылдар аралығында «Атырау-Жарық» АҚ бас инженердің орынбасары, бас инженер қызметтерін атқарды. 2006 жылдан күні кешеге дейін «Облтрансгаз» КМК-нің бас директоры лауазымын атқарды. Енді Жылыой ауданы әкімі орынбасары қызметін қаншалықты және қай уақытқа дейін атқаратынын уақыт көрсетеді.    

Жылыой ауданы әкімінің тағы бір орынбасары болып Жәрдемғали АХМЕТОВ тағайындалды. Ұзақ жылдар бойына Жылыой ауданы әкімі орынбасары болып қызмет еткен, кейінгі жылдары Исатай ауданы әкімі, Атырау облыстық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болған 55 жастағы Жәрдемғали Бахуұлыныңлауазымына қайтып келуі ешкімге таңсық емес. Өзінің бұрынғы лауазымында тек қана үшінші орынбасар Нұрадин ӨМІРБАЕВ қалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.