Атырау, 7 сәуір 18:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

«Атырау »дауы: ҚФФ екі арбитрді уақытша шеттетті

98 рет қаралды

«Атырау» клубының матчы төңірегіндегі дау-дамайдан кейін Қазақстан футбол федерациясы екі арбитрді уақытша шеттетті. Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова енді ұлттық жарыстарда қызмет атқармайды.

Федерацияның хабарлауынша, шешім соңғы турдағы Қазақстан Премьер-лигасында кеткен бірқатар маңызды қателіктерге байланысты қабылданған. Бұл қателіктер ойынның барысы мен нәтижесіне айтарлықтай әсер еткені атап өтілді. Арбитрлердің болашақтағы мәртебесі бойынша түпкілікті шешім федерацияның құзырлы органдарының тексерісінен кейін қабылданады.

6 сәуір 2026 жылы КФФ ресми түрде «Ордабасы» – «Атырау» матчының (1:1) төрешілік қателіктерін мойындады. Атап айтқанда, «Атырау» командасының 82-минуттағы голы ережеге сай соғылғанымен, VAR араласқаннан кейін офсайд деп танылып, есепке алынбады. Федерация бұл шешімді қате деп таныды.

Сонымен қатар, қосымша уақыттың жетінші минутында «Ордабасыға» белгіленген пенальти негізсіз деп танылды. VAR араласуы тиіс болғанымен, ол қолданылмаған. Тағы бір қателік ретінде «Ордабасы» жартылай қорғаушысы Зикрилло Султаниязовтың алаңнан қуылуы аталды: КФФ бағалауынша, ол эпизодта сары карточка көрсетілуі керек еді.

Осы шешімдерге қатысы бар негізгі арбитр Санжар Искаков пен VAR төрешісі қателіктері үшін уақытша шеттетілді.

Бүгін, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.