Атырау, 7 сәуір 18:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

Табыс па, алаяқтық па? «NBC TV» қаржы пирамидасы бойынша тергеу аяқталды

47 рет қаралды

Тергеу амалдарына сай, 2025 жылы күдікті интернеттегі «www.nbcms.com» ресурсы және WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, инвестициялық онлайн-жоба ретінде бүркемеленген қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Аталған мессенджер чаттарында («Дискуссионная группа NBC Charlotte», «NBCUniversal Media LLC» және басқа) 200-ден астам адам болған.

Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді (фильм трейлерлерін) қарағаны үшін табыс табу сылтауымен инвестиция салу ұсынылған.

Жобаға қатысу үшін құны 11 000-нан 160 000 теңгеге дейінгі инвестициялық пакеттерді сатып алу талап етілген.

Бұл ретте тәулігіне 5–10%-ға дейін (айына 150%-дан астам) табыс уәде етілген, ал мұндай төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар тартылған тұлғалардың салымынан 10%-ға дейін сыйақы төленетін рефералдық жүйе, сондай-ақ екінші және үшінші деңгейдегі қатысушылар үшін қосымша бонустар қарастырылған.

Заңды қызметтің көрінісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама таратқан, жалған құжаттарды жариялаған, жасанды табыс көрсеткіштерін көрсеткен, блогерлерді тартқан және тақырыптық чаттарды жүргізген.

Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың шоттарына жүргізіліп, кейін Р2Р операциялары арқылы криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген.

Бүгін, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.