Атырау, 7 сәуір 18:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

​Трамп Иранды бір түнде жоқ қылам деп қоқан-лоққы жасады

117 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатаң ескерту жасады. Ол 7 сәуірге дейін Ормуз бұғазы ашылмаса, елді «бір түнде толық жоюға» дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ведомости.

Трамптың айтуынша, соққылар электростанциялар мен көпірлерге бағытталуы мүмкін.

Иран тарапы Вашингтормен бұғазды ашу жөнінде келіссөз жүргізбейтінін және ықтимал құрлықтағы шабуылға дайын екенін хабарлады. Дипломатиялық дереккөздер АҚШ-тың құрлықтағы операциясы оның аймақтағы стратегиясындағы ең әлсіз тұс екенін атап өтті.

Еуропалық Одақ Иран энергетикасына жасалған кез келген соққыны қылмыс ретінде бағалайтынын мәлімдеді. Ал Axios дерегінше, АҚШ пен Израиль Иранның энергетикалық инфрақұрылымына жаппай шабуыл жоспарын әзірлеген, бірақ әзірге оны жүзеге асыруды тоқтатып отыр.

Бүгін, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.