Атырау, 28 сәуір 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 460.80
€ 541.21
₽ 6.13

"16 қылмыстық іс": Қазақстанда дәріханалардағы заңсыздықтар ашылды

256 рет қаралды

Қазақстан Ішкі істер министрлігі 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, заңсыз дәрі-дәрмек саудасына қарсы ауқымды тексерістер жүргізді.

Нәтижесінде әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалып, дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 іс тіркелді. 

Мыңнан астам медициналық мекеме мен 300 кәсіпорын тексеріліп, 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 500 мыңнан астам дәрі мен 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелді. 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылып, 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды. 

Алматыда төрт дәріхана фармацевттері рецептісіз дәрі сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, Ақтөбеде ірі фармацевтикалық мекемеден 400 мың дәрі тәркіленді. 

Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы күзетсіз тасымалданса, Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылған.

ІІМ мұндай заң бұзушылықтардың қоғам үшін қауіпті екенін ескертіп, бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

7 сәуір, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.