Атырау, 7 сәуір 14:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 466.33
€ 538.47
₽ 5.90

Әлеуметтік желіде жауапкершілік артты: Жалған ақпарат таратқан тұлғалар заң алдында жауап береді

78 рет қаралды

Қадағалау органы атап өткендей, бүгінде әлеуметтік желі негізгі ақпарат көзіне айналды. Алайда жеделдікпен бірге жауапкершілік те артты. Қоғам үшін елеулі қауіптердің бірі – «цифрлық қауесеттер».

Ведомство мәліметі бойынша, көп жағдайда пайдаланушылар мәселенің мәніне үңілместен, тексерілмеген, кейде тіпті жалған ақпаратты таратады. Назар аударту мен «хайп» қуған жекелеген тұлғалар өз әрекеттерінің салдарын елемейді. Ал шын мәнінде, шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты жариялау бүкіл қоғам үшін қауіп факторы болып табылады. Бұл жай ғана зиянсыз әзіл немесе интернеттегі пікір емес. Мұндай әрекеттер дүрбелең туғызуы, азаматтардың іскерлік және жеке беделінен ұқсан келтіруі, сондай-ақ мемлекеттік институттардың қызметін тұрақсыздандыруы мүмкін.

Бас прокуратура мәлімдегендей, цифрлық ортада толық анонимділік жоқ. Интернеттегі кез келген әрекет «цифрлық із» қалдырады. Заманауи технологиялар ақпараттың таралу көзін анықтауға мүмкіндік береді, тіпті пайдаланушы көзге түспеймін деп ойлаған жағдайда да. Тәжірибе көрсеткендей, заңға қайшы жарияланымдар анықталып, олардың авторлары заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

Ведомство мамандары пікір немесе жазба жарияламас бұрын оның салдарын түсіну қажет екенін еске салды. Жала жабу, қорлау немесе көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Сөз бостандығы – шексіз еркіндік емес. Ол басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға сылтау бола алмайды. Кез келген таратылатын ақпарат тексерілген фактілерге негізделуі тиіс, болжамдар мен жорамалдарға емес. Бұл – ақпараттық этиканың негізгі қағидаты.Заң – әрбір азаматты қорғау тетігі. Құқықтық нормаларды сақтау тұрмыста, бизнесте және медиа кеңістікте қауіпсіз орта қалыптастырады.

Қылмыстық қудалау органдары тек жауапкершілік шараларын қолдануға ғана емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын баса айтты. Бұл бағытта жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қорыта келгенде, ортақ міндет – жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастырған жөн екенін атап өтті Бас прокуратура, оның ішінде цифрлық ортада. Өйткені мәдениет әрбір әлеуметтік желі қолданушысының жеке жауапкершілігінен басталады. 

Бүгін, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.