
Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында қала аумағындағы жалпы көлемі 1,9 гектар жер телімінің ұзақ уақыт бойы бос жатқандығы анықталды.
Бұл жер көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін берілгенімен, нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған.
Жер иесіне телімді игеру туралы нұсқама берілгенімен, ол орындалмаған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін департамент сотқа талап-арыз түсірді.
Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапты толық қанағаттандырып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті жер иелері мен пайдаланушыларға телімдерді нысаналы мақсатына сай әрі тиімді пайдалану қажеттігін ескертті.
В Атырау -10