Атырау, 6 сәуір 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Стамбулда қазақстандық азамат қаза тапты

Бейнежазба
113 рет қаралды

Түркияның Стамбул қаласында Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов оққа ұшты. Ол жеке логистикалық компанияда логист болып жұмыс істеген.

Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, оқиға Фатих ауданындағы Балабанага кварталында болған. Бейнебақылау камераларына түсіп қалған сәтте белгісіз адам көшеде Исмаиловқа жақындап, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Кей деректерде ол оқиға орнында көз жұмғаны айтылса, басқа ақпараттарда ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болғаны жазылған.

Кейінірек екі күдікті ұсталғаны белгілі болды. Түрік баспасөзі олардың Эдирне аймағында, шекараға жақын жерде қашып бара жатқанда қолға түскенін хабарлады. Іздеу барысында дрон қолданылған. Ұсталғандар — Грузия азаматтары.

Сонымен қатар күдіктілердің қашуына көмектесуі мүмкін автокөлік жүргізушісіне қатысты бөлек тергеу басталды.

Қазақстандық БАҚ-тар бұл оқиғаға байланысты Сыртқы істер министрлігінен ресми түсініктеме сұрағанын мәлімдеді.


Бүгін, 18:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.