Атырау, 6 сәуір 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Атбасарда заңсыз ұсталған қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды

103 рет қаралды

Атбасар ауданында кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды: 60 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура органдары жұмысының басты бағыттарының бірі. Осы міндет аясында Атбасар ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерін орындаған 27 кәсіпкердің мүддесін қорғап, оларға тиесілі қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті.

Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік сатып алу кезінде енгізілген кепілдік сомалар кәсіпкер өз міндеттемесін толық орындағаннан кейін дереу қайтарылуы тиіс. Алайда Атбасар аудандық білім бөлімі үш жылдан астам уақыт бойы орындалған шарттар бойынша кепілдік сомаларды қайтармаған. Оның жалпы көлемі 60 млн теңгеден асты.

Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бүгін, 18:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.