Атырау, 6 сәуір 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 470.46
€ 543.10
₽ 5.86

Ақтауда қызыл балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

75 рет қаралды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақтауда қызыл балықты заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика аумағында 1–31 сәуір аралығында “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері құқық бұзушылықты анықтады. Аталған факт Маңғыстау облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген. 

ЖБО инспекторы Алматов Р. жедел шаралар қабылдап, күдіктіні ұстады. Ақтау қаласындағы МАЭК маңындағы айналма жолда автокөлік тоқтатылып, тексерілді. Тексеру барысында көліктен шамамен 40 келі (9 дана) заңсыз тасымалданған қызыл балық тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеуге шақырады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету — әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Маңғыстау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Бүгін, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.