Атырау, 13 желтоқсан 04:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Жоба және екі зейнеткер

1 879 просмотра

10 қазанда Абай атындағы мектептің акт залында «Құспанов» ЖК үшін Балықшы поселкесіне жылу беру тарифін бекіту жобасы бойыншажұртшылық тыңдауы өтті.

Зал іші бос болды деуге болады, тыңдау тек екі зейнеткерді ғана қызықтырыпты. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті (ТМРАД) басшысының орынбасары Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА балықшылықтар үшін жылытудың қымбаттайтындығын мәлім етті. Енді қаншалықты қымбаттайтынын белгілеу ғана қалып отыр:

Бұрынғы монополист – «Таза құбыр» ЖШС (директоры Сәбит ҚҰСПАНОВ – М.С.) үшін тариф 2007 жылы жылытылатын баспананың бір шаршы метрі үшін 36,48 теңге мөлшерінде бекітілді. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалалық әкімдіктің шешімімен Балықшы поселкесінің қазандығы мен жылу жүйесі «Құспанов» ЖК-нің (Кристина Құспанова С. Құспановтың келіні – М.С.) сенімді басқаруына көшкен болатын. Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде «Құспанов» ЖК табиғи монополиялардың жергілікті тізіліміне енгізілген еді. Ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін ТМРАД монополист үшін тариф бекітуге міндетті. «Құспанов» ЖК тарифті бір шаршы метр үшін 55,06 теңге мөлшерінде бекітуді ұсынады. Салыстырыңыз: үйлері ЖЭО-мен жылытылатын және жылу есептегіштерімен жарақталған қала тұрғындары үшін бір шаршы метрге 110,16 теңге тарифі қолданыста.

К.Құспанованың айтуынша, 2013 жылдың 1 қаңтарында поселке тұрғындарының мекемеге беретін дебиторлық бережағы 9 млн теңгені құраған. Қазандықтың өзі жеткізушілерге электр қуаты үшін 6,8 млн теңгеге, газге – 10 млн теңгеге, су үшін 0,5 млн теңгеге қарызданған. Өткен жылдың аяғында «Таза құбыр» ЖШС осындай ахуал үшін өз қызметін тоқтатқан еді. Ондағы дебиторлық қарыз сомасы 29 млн теңгені құраған болатын. Ал кәсіпкер тұрғындардан сот арқылы қарызын өндіріп алуға жұмыстанбағанын мойындады.

Екі зейнеткер де сөз алу мүмкіндігін жібермеді. Қызыләскер көшесіндегі №25 үй тұрғыны Михаил ПАХОМОВ:

Әр қыс сайын үй салқын болады. Қазандыққа шағымдансам, олар бізде кезекші бөлмесінде жылы, демек өз үйіңіздің жылу жүйесінде ақаулар бар дегенді айта береді. Бүкіл үй радиатордан ыстық су алып, тұрмыстық мұқтаждықтарына пайдаланады. Енді қайтеді? Поселкеде ыстық сумен қамту жүйесі жоқ. Тарифті көтермей, ыстық су алуды заңдастырып, сол үшін төлемақы алған жөн болар еді... - дейді.

Бейілхан ОРАЗАЛИН:

Неліктен жылу қазандығы ақы төлемейтін тұлғалардан қарызын жинаудың орнына тарифті көтергісі келеді? Мен басқалар үшін төлемеймін. А. Құнанбаев көшесіндегі №26 үйдің жанындағы тұрбаларға жылу оқшаулағыштың жұқа қабатпен оралып жатқанына назар аударыңыздар. Радиаторлар қайтадан салқын болатын болды. Тұрғындардың төлемейтіндігін де түсінуге болады.

Ақсақалдар өткен жылы басталған ЖЭО-ның жылыту жүйесіне поселкенің жылу жүйесін қосу жобасының не болып жатқанын сұрады. Қалалық әкімдік өкілі құны 2,5 млрд теңге болатын жобаны жүзеге асыру бүгінде тоқтатылғанын айтты. Бірақ себебін атамады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қазан 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.