
Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2025 жылы 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары көрсеткіш тіркелді.
1991 жылы орташа көрсеткіш 67,6 жас болса, 2001 жылы – 65,6 жас, 2011 жылы – 68,98 жас, ал 2021 жылы – 70,23 жас болған. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде өмір ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

Бұл көрсеткішке инфекциялық емес аурулармен күрес шаралары айтарлықтай ықпал етті.
Қазақстан 2025 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде өлімді 25%-ға төмендеткен алғашқы он елдің қатарына кірді. Бұл дерек мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін және денсаулық сақтау жүйесінің даму қарқынын айғақтайды.
Үкімет 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы аясында өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізуді мақсат етіп отыр.
В Атырау -10