
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Сабынды ауылының маңында «Шөптікөл» бөгеті бұзылды.
Құзырлы органдардың мәліметі бойынша, су егістік алқаптары арқылы елді мекен бағытына қарай жайылып, Астана – Қорғалжын республикалық жолының 75-шақырымы тұсынан кесіп өтіп жатыр. Дегенмен, жолдың жүру бөлігіне судың жайылуына жол берілген жоқ.
Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері республикалық маңызы бар жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Оқиға орнында 14 бірлік арнайы техника мен 30-дан астам жол жұмысшысы жұмылдырылған. Сондай-ақ, инертті материалдарды дайындау және тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған учаскеде су өткізу қабілетін толық көлемде қамтамасыз ететін үш көзді су өткізу құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.
Жауапты қызметтердің ақпараты бойынша, жол төсемі бүлінбеген, жол автокөлік қозғалысына ашық.
В Атырау -10