
Абай облысы, Бородулиха ауданында прокуратура жергілікті атқарушы органдар тарапынан бюджет қаражатының заңсыз жұмсалу фактілерін анықтады.
Тексеру барысында әкімдік қызметкерлеріне негізсіз материалдық көмек көрсетілгені белгілі болды. Қолданыстағы қағидаларды бұза отырып, бюджет қаражатының үнемделген есебінен қызметкерлердің мерейтойлық күндеріне байланысты 1 млн теңгеден астам қаржы төленген.
Сонымен қатар, ұжымдық шарттарда заңнамаға қайшы нормалар қамтылғаны анықталды. Бұл 247 қызметкердің еңбек кодексінде көзделген құқықтарын шектеген.
Прокуратураның шаралары нәтижесінде ұжымдық шарттар заңға сәйкестендіріліп, ауылдық округ әкімінің өкімі жойылды. Заңсыз төленген қаражат бюджетке қайтарылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
В Атырау -10