Атырау, 3 сәуір 16:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86

Беларусь билігі Би-би-си материалдарын экстремистік деп таныды

113 рет қаралды

Беларусьтің Ақпарат министрлігі Русская служба Би-би-си жариялаған материалдарды экстремистік өнімдер қатарына енгізді, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Бұл шешім 25 наурызда Могилев қаласының Ленин аудандық сотында қабылданды. Би-би-си бұл әрекетті айыптап, оны тәуелсіз журналистиканы қылмыстандыруға бағытталған қадам деп атады.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылардың дерегінше, билік шетелге кеткен саяси тұтқындардың паспорттарын жарамсыз деп жариялап жатыр. Бұрынғы тұтқындар мұны елге оралуға кедергі жасау және қысымның жаңа түрі деп бағалауда.

Беларусьте тәуелсіз ақпарат құралдарына қысым күшейіп отыр: 2020 жылдан бері 600-ден астам медиа ресурстар экстремистік деп танылған. Deutsche Welle де елде «экстремистік ұйым» деп жарияланғаннан кейін ішкі аудиториямен байланысын тоқтатуға мәжбүр болған.

Осы аптада тағы бір оқиға халықаралық резонанс тудырды: Беларуське келген Литва азаматы Мирославас Троцкис 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған «шпионаж» және «агенттік қызмет» баптары бойынша айып тағылғаны хабарланды.

Беларусь парламенті сонымен бірге «гомосексуализмді, жыныс ауыстыруды және баласыздықты насихаттауға» қарсы заң жобасын мақұлдады. Заңға сәйкес, мұндай ақпаратты тарату әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.

Бүгін, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.