
27 қаңтарда қаза болған сарбаз Е. Рүстемұлының өліміне қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталды.
Тергеу барысында рота командирінің қызметке салғырт қарағаны анықталды. Ол жеке құрамның қызметін және қаруды қолдануын бақыламаған, сондай-ақ қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланған.
Қажетті дәлелдер қысқа мерзімде жиналып, іс сотқа қарауға жіберілді.
Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды анықтау бойынша тергеу жалғасуда. Бұл іс Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу деректерінің басқа мәліметтері жарияланбайды.
В Атырау -10