
Қазақстанның он қаласында, соның ішінде Астана мен Алматыда ауа сапасы төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері ескертті.
Метеорологтардың мәліметінше, 3 сәуірде келесі қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанып отыр:
Астана және Алматы;
Қарағанды және Теміртау;
Өскемен, Риддер және Семей;
Павлодар, Петропавл және Атырау.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз не?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман немесе температуралық инверсия) жиынтығы. Мұндай күндері ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында белсенді жинақталып, азаматтардың денсаулығына тікелей әсер етеді.
Дәрігерлер мен синоптиктердің ұсынысы
Ауаның ластану мүмкіндігіне байланысты аталған қала тұрғындарына мынадай сақтық шараларын сақтау ұсынылады:
Серуендеу уақытын қысқарту: Әсіресе көлік қозғалысы көп жолдардың бойында жүрмеген абзал. Жүкті әйелдер мен балаларға далада ұзақ болудан бас тартқан жөн.
Физикалық жүктемені азайту: Ашық ауада спортпен шұғылдануды жабық залдарға ауыстырған дұрыс.
Денсаулықты бақылау: Өкпе, жүрек немесе аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдардың жанында қажетті дәрі-дәрмектері болуы тиіс.
Бұған дейін синоптиктер тұрақсыз ауа райына байланысты еліміздің барлық дерлік аумағында дауылды ескерту жариялаған болатын.
В Атырау -10