
15 жастағы қазақстандық футболшы Кәрім Меңдіханов әйгілі Барселона клубымен келісімшартқа қол қойды.
Бұл туралы испаниялық Mundo Deportivo басылымы хабарлады. Мәліметке сәйкес, жас ойыншы келесі маусымда каталониялық клуб құрамына ресми түрде қосылады.
Кәрім Меңдіханов 2011 жылы туған. Ол 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, футболдағы мансабын сол елде жалғастырып келеді. Өткен маусымда «Серданьола» сапында ойнаса, қазіргі уақытта «Сант-Кугат» клубында өнер көрсетуде.
Жас футболшының ойыны Испанияның бірнеше клубының назарын аударған. Соған қарамастан, ол «Барселонаның» ұсынысын қабылдауды жөн көрген.
Сондай-ақ «Сант-Кугат» клубының рұқсатымен Кәрім «Барселона» командасымен бірнеше жаттығуға қатысып, жаңа ортаға бейімделе бастаған.
Испаниялық басылымның жазуынша, Меңдіханов халықаралық жасөспірімдер футболындағы болашағы зор ойыншылардың бірі саналады.
Осылайша, Кәрім Меңдіханов «Барселона» тарихындағы алғашқы қазақ футболшысы атануы мүмкін.
В Атырау -10