Мәскеудің Брюлево ауданында осыдан бірнеше күн бұрын орын алған кісі өлімінен кейін орыс ұлты өкілдері бас көтерген болатын. "Қандасымызды өлтірген шетел азаматына жазаны өзіміз береміз" деген бірқатар мәскеулік тұрғындар бірнеше "көтеріліс" ұйымдастырып, сауда орындарын қиратып тастады. Ал, кеше құқық қорғау органдары бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Орхан Зейналов есімді Әзірбайжан азаматын тұтқындады. Тәртіп сақшыларымен болған әңгіме барысында ол өз кінәсін мойындады, - деп жазады РИА Новости.
Аталған оқиға Ресей қоғамында қызу талқылануда. Тіпті, ұлтаралық араздық, жанжал туындап кетуі мүмкін деген болжамдар да жасалған, сарапшылар тарапынан. Бірақ, кеше Ресей полициясы басты күдіктіні қолға түсірді. Қазір оны қамауға алу туралы мәселе қаралып жатыр.
Айта кетейік, 10 қазан күні Брюлево ауданында 25 жастағы Егор Щербаковты белгісіз тұлға пышақтап өлтірген болатын. Бұл сәтте марқұмның құрбысы оқиғаны көзбен көріп, күдіктінің азиат нәсілді азамат екендігін айтқан. Кейін көшедегі бейнекамералардың көмегімен тәртіп сақшылары күдіктінің сұлбасын анықтады
Дереккөз: Baq.kz
16 қазан 2013, 11:58
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.