Атырау, 2 сәуір 11:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 475.09
€ 551.06
₽ 5.87

ІІМ Қазақстандағы алаяқтықтың жаңа әрі қауіпті схемасы туралы ескерту жасады

74 рет қаралды

Қазақстандықтарға мемлекеттік орган басшыларының, ірі компания директорларының және жоғары оқу орындары ректорларының атынан алаяқтық шабуылдар жасалуда. Ішкі істер министрлігі (ІІМ) халықты алдаудың жаңа әрі күрделі схемасы таралып жатқанын ескертіп жатыр.

Қаскөйлер құрбандардың сеніміне кіру үшін заманауи технологияларды қолданады. Олар мессенджерлерде нақты басшылардың аккаунттарын телнұсқа ретінде жасап, тіпті дауысты өзгерту сервистерін (дипфейк) пайдаланады.

Схема қалай жұмыс істейді?

Оқиға желісі әрқашан «бастықтың» атынан келген үрейлі хабарламадан немесе қоңыраудан басталады.

  1. Қорқыныш тудыру: Алаяқ қызметкерге «деректердің жылыстап кеткені» немесе «компания шоттарынан қаражат ұрлау әрекеті» туралы хабарлайды.

  2. Психологиялық қысым: Құрбанға әріптестерімен немесе жақындарымен кеңесуге мұрсат бермей, тез әрекет етуді талап етеді.

  3. «Арнайы қызмет» өкілі: «Бастықпен» сөйлескеннен кейін адамға өзін ҰҚК (КНБ) немесе полиция қызметкерімін деп таныстырған тұлға хабарласып, айтқанын бұлжытпай орындауды бұйырады.

Нәтижесі: Үрейге бой алдырған азаматтар өз жинақтарын «қауіпсіз шоттарға» аударады, содан кейін қылмыскерлермен байланыс үзіледі.

«Банк және мемлекеттік орган қызметкерлері телефон арқылы ешқашан ақша аударуды талап етпейді. "Қауіпсіз шоттар" туралы кез келген әңгіме — бұл 100% алаяқтық», — деп атап өтті Ішкі істер министрлігі.

Қалай қорғану керек?

ІІМ мұндай хабарламаларды елемеуге және ақпаратты әрдайым қайта тексеруге шақырады. Егер сізге «директор» жазып, шұғыл ақша аударуды немесе «органдардағы куратормен» сөйлесуді талап етсе, тұтқаны қойып, басшыңыздың ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.

Кез келген күдікті жағдайда дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.

Бүгін, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.