
Ферғана прокуратурасындағы дереккөздердің хабарлауынша, Татьяна Каримованың туған әпкесі Тамара Сабированың ұлы Акбарали Абдуллаевтың "10 қазан күні тұтқындалғанын" айтқан. Оны тұтқындауға санкция "жоғары жақтан берілген".
Қазір ол Ташкенттегі тергеу изоляторларының бірінде қамауда отыр.
Оның үстінен "салықтан жалтарды", "пара алды" және "заңсыз мүлік иемденді" деген айыптар тағылған.
2012 жыл Форғана облысында Абдуллаев басқарған топтың 40-тан астам өкілі ұсталған еді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
16 қазан 2013, 11:54