
Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты тергеуді аяқтады.
Ол қолында 14 қылмыс туралы мәлімет бола тұра, оларды тіркеуді қасақана жасырғаны анықталды.
Кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының заңға қайшы әрекеттерін растады. Оның іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігі бойынша сараланды.
Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте үш жылға жұмыс істеу құқығынан айырылып, екі жылға бас бостандығы шектелді. Сонымен қатар ол «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.
В Атырау -10