Атырау, 5 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Көрнекті мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджанов дүниеден озды

3 133 рет қаралды
Белгілі мемлекет қайраткері Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов дүниеден озды.

«Кеше ауыр науқастан соң белгілі мемлекеттік саяси қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы, Мемлекет басшысының сенімді серіктерінің бірі Орал Мұхамеджанов дүниеден озды. Осыған орай Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Қытай Халық Республикасына ресми сапарын тоқтатты. Біз Орал Байқонысұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Өз елін өле сүйген мемлекет қайраткері, тамаша адам, адал досымыз әрі әріптесеміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында вице-спикер Сергей Дяченко.

Осыған орай Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы 1 минут үнсіздікпен басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

16 қазан 2013, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.